Алматыда балықшының қармағына оқ-дәрі салынған сөмке ілікті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
балықшы қармақ
Алматыда балықшының қармағына оқ-дәрі салынған сөмке ілікті / Фото: Unsplash

Алматының Түріксіб ауданындағы «Маяк» қалалық көлінде балықшы күтпеген олжаға тап болды. Ол судан балықтың орнына ішінде оқ-дәрілері бар сөмкені шығарып алған, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, сағат 17:30 шамасында ер адам көлде балық аулап отырған. Бір сәтте ол қармағының ауыр затқа ілінгенін сезеді. Қармақ жібін тартып шығарғанда, су астынан сөмке шыққан.

Балықшы сөмкені ашып қарап, ішінен оқ-дәрі көрген соң, бірден «102» нөмірі арқылы полицияға хабар берген.

«Оқиға орнына Түріксіб аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жетті. Оқ-дәрілер тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Мамандар патрондардың қайдан шыққанын және кімге тиесілі екенін анықтайды», – деп хабарлады ведомство.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз