Көкшетауда белгісіз ер адам мұражайдағы 1 млн теңгенің жабдығын бүлдірді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Что происходит на Назарбаева: полиция взяла под контроль 11 заведений в центре Алматы
Көкшетауда белгісіз ер адам мұражайдағы 1 млн теңгенің жабдығын бүлдірді / Фото: коллаж kursiv.media

Көкшетауда мұражай мүлкін бүлдіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Келтірілген шығын көлемі шамамен 1 млн теңгеге бағаланды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Ақмола облыстық полиция департаменті ақпаратына сүйенсек, тәртіп сақшыларына арыз музей директорынан түскен. 12 қыркүйекке қараған түні белгісіз ер адам цокольды қабаттағы терезені сындырып, ғимаратқа ішке кірген. Одан кейін ол техникалық жабдықтар орналасқан бөлмеге өткен.

«Сымдар, пломбалар, датчиктер мен өзге де элементтер бүлінген. Сондай-ақ жылыту жүйесіне де зақым келген.Қазіргі уақытта бағалау жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген шығын көлемі шамамен 1 млн теңгені құрайды», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі таңда бөгденің мүлкін қасақана бүлдіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.Полицейлер бұл оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы азаматты анықтады. Күдіктінің әрекетіне түпкілікті құқықтық баға тергеу нәтижесі бойынша беріледі.

Сондай-ақ оқыңыз