Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бұрынғы басшысы Пан Ги Мунмен кездесті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бұрынғы басшысы Пан Ги Мунмен кездесті / Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулге жасаған мемлекеттік сапары аясында БҰҰ-ның 8-ші бас хатшысы, Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы Пан Ги Мунды қабылдады, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Кездесуде президент «жасыл экономика» моделін енгізуге ұмтылған дамушы елдерге қолдау көрсететін GGGI ұйымының жұмысын жоғары бағалады. Бұл бағыт әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға, климат өзгерістеріне төтеп беруге және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге тікелей ықпал етеді.

Өз кезегінде Пан Ги Мун Қазақстанның орнықты даму жолындағы жетістіктерін атап өтіп, жаһандық климаттық күн тәртібі шеңберінде серіктестікті одан әрі тереңдетуге әзір екенін жеткізді.

Бұдан бөлек, тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымын заман талабына сай реформалау және оның жұмысын жетілдіру мәселелерін де талқылады.

Сондай-ақ оқыңыз