Шымбұлақтағы аспалы жолдар 1 қарашаға дейін жабылады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: kursiv.media, Офелия Жакаева

Қазан айында Шымбұлақтағы аспалы жолдар профилактикалық жұмыстарға байланысты уақытша жабылады. Тау-шаңғы курорты жаңа қысқы маусымға дайындық жұмыстарын жүргізеді деп хабарлайды Kursiv.media.

Профилактикалық жұмыстар қашан өтеді

Жоспарлы техникалық жұмыстар 12 қазанда басталып, 1 қарашаға дейін жалғасады. Алайда кейбір аспалы жолдар одан ертерек жабылады.

Жабылу мерзімдері:

  • M1 «Медеу–Шымбұлақ» 19 қазаннан 1 қарашаға дейін;
  • K-1 19 қазаннан 1 қарашаға дейін;
  • K-2 19 қазаннан 1 қарашаға дейін;
  • KKD-4 12 қазаннан 1 қарашаға дейін.

«Бұл ретте Shymbulak Mountain Hotel жұмысын жалғастырады. Ал курорт аумағындағы мейрамханалардың ішінен Sarai Bar жұмыс істейді», деп хабарлады тау курортының әкімшілігі.

Сонымен қатар Шымбұлақ шатқалына апаратын автомобиль жолы да уақытша жабық. Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарына байланысты жол 24 шілдеден 30 қарашаға дейін жабылады.

Айта кетейік, осыған дейін «Медеу» спорт кешенінің автотұрағы жарты жылға жабылатынын жазған едік

Сондай-ақ оқыңыз