Экс-министр Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды
Жарияланды

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Одан бөлек партия төрағасы орынбасары қызметін Нұрсұлтан Байтілесов және Эльдар Жұмағазиев атқарады.
Асхат Оралов туралы не белгілі
Асхат Оралов 1990 жылдың 10 ақпанында Павлодар облысында туған. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) тәмамдаған.
2023 жылдың 4 қаңтарында Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалған. Алайда 2023 жылдың 1 қыркүйегінде бұл қызметтен босатылды.
2025 жылы Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.