Қазақстандықтарға Қытайға кіруге қандай жағдайда тыйым салынады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қытайда 15 қыркүйектен бастап елге кіру және одан шығудың жаңа тәртібі енгізілді. Виза рәсімдеу кезінде немесе шекаралық бақылаудан өту барысында жалған мәлімет берген шетел азаматтарына Қытайға бес жылға дейін кіруге тыйым салынады.

Жаңа ережелерге сәйкес, құжаттарды тексеру тәртібі өзгереді. Енді иммиграциялық бақылаудан өтуге бұрынғыдан көбірек уақыт кетуі мүмкін.

Қытайға баратын немесе елден ұшып шығатын қазақстандықтарға сапарға қажетті құжаттарының, соның ішінде паспортының бар-жоғын және дұрыстығын алдын ала тексеру ұсынылады. Сондай-ақ Қытайға кіру және елден шығуға қойылатын өзекті талаптармен алдын ала танысып алған жөн.

«Әуежайға ұшуға кемінде 3 сағат қалғанда келуге кеңес береміз. Паспорттық және иммиграциялық бақылаудан өтуге қосымша уақыт қарастырған дұрыс»,   деп хабарлады FlyArystan әуе компаниясы.

Сонымен қатар әуекомпания жаңа шектеулерге қарамастан, Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің сақталатынын еске салды. Қазақстан азаматтары Қытай аумағында бір сапар барысында 30 күнге дейін визасыз бола алады.

Сондай-ақ оқыңыз