Қазақстанда Iconic Tower мен Birlik логистикалық орталығы токенделеді

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жыл соңына дейін токенделетін жобаларды атады, деп хабарлайды Кursiv.Media.
«Жеке блок Alatau City-ге қатысты. Қала үшін Tokenization by Default тұжырымдамасы дайындалып жатыр. Цифрлық құралдар қала инфрақұрылымы мен инвестициялық жобаларды қаржыландыруға пайдаланылады. Осы жылдың соңына дейін Iconic Tower кешенін 50 млн АҚШ долларына дейінгі сомаға токендеу жоспарланып отыр. Тағы бір жоба құны 10 млн АҚШ долларына дейінгі Birlik логистикалық орталығы болып отыр. Екі жоба да KASE инфрақұрылымы арқылы іске асырылады», – деді Сүлеймонов.
Сүлейменов атаған келесі бағыт ортақ халықаралық нарық құру болып отыр.
«Ол жалпыұлттық режимнің, АХҚО мен Alatau City мүмкіндіктерін біріктіруі керек. Бұл юрисдикциялар бірін-бірі толықтыруы қажет. Дәл осы модель аясында Binance өңірлік қаржы-есеп айырысу хабы пысықталып жатыр. Жоба қазақстандық заңды тұлға құруды және бірінші санаттағы төлем ұйымының лицензиясын алуды көздейді. Хаб ТМД, Шығыс Еуропа және Азия елдеріндегі клиенттерге қызмет көрсете алады», – деді Сүлеймонов.
Алатау қаласында жылжымайтын мүлік, инфрақұрылым және басқа нақты активтерді цифрлық токенге айналдыруға негізделген жаңа инвестициялық модель іске қосылатынын жазғанбыз.