Дастан Сәтбаев жоқ: Қазақстан Ұлттар лигасының матчтарына құрамын жариялады

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип 2026 жылғы қыркүйек және қазан айларында өтетін УЕФА Ұлттар лигасының жауапты матчтарына шақырылған футболшылардың соңғы тізімін жариялады, деп хабарлайды Kursiv.Media Футбол федерациясына сілтеме жасап.
Бас бапкердің соңғы тізіміне 28 футболшы енді.
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан).
Қорғаушылар: Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де – «Астана»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Сергей Малый («Ордабасы»), Александр Широбоков, Александр Мрынский (екеуі де – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман (екеуі де – «Астана»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Дамир Қасаболат, Исмаил Бекболат (екеуі де – «Қайрат»).
Шабуылшылар: Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Азамат Тұяқбаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов, Станислав Басманов (екеуі де – «Астана»), Эльхан Астанов («Ордабасы»).
Сонымен қатар, ұлттық құраманың бапкерлер штабында бас бапкер Джон ван ’т Шкипке отандық мамандар Нұрбол Жұмаcқалиев пен Елдос Ахметов көмектеседі. Қақпашылармен Юрий Новиков жұмыс істесе, дене даярлығына Вадим Боровский жауапты болады.
Ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасы аясында төрт маңызды кездесу өткізеді. Алдымен 26 және 29 қыркүйекте сырт алаңда Фарер аралдары мен Словакияға қарсы ойын өткізсе, қазан айының басында өз алаңында Молдова мен Фарер аралдарын қабылдайды.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының жұлдызы Дастан Сәтбаев жақында «Бернли» сапында жүріп жарақат алып, емделу үшін Лондондағы «Челси» клубына оралған болатын. Сондықтан Сәтбаев жарақатына байланысты алдағы Қазақстан құрамасының ойындарына қатыса алмайды.