Астанада көмір қайда сатылады: әкімдік бағасын жариялады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: shutterstock

Астанада көмірдің орташа бағасы белгілі болды. Қазір елордада Шұбаркөл көмірінің тоннасы 19 500 теңге, Қаражыра 18 800 теңге, ал Майкүбі көмірі 16 800 теңгеден сатылып жатыр. Қала тұрғындары отынды бірнеше сату орнынан сатып ала алады деп хабарлайды Kursiv.media.

Астанада көмір қайда сатылады

Астана әкімдігінің мәліметінше, елордада тұрғындарға көмір сататын 14 орын және 10 қойма жұмыс істейді. Олардың барлығы қажетті инфрақұрылыммен және көмірді тиеп-түсіруге арналған техникамен жабдықталған.

Көмір сатумен қалада сегіз компания айналысады.

Көмірді мына мекенжайлардан сатып алуға болады:

  • Герцен көшесі, 4/1;
  • Герцен көшесі, 6/2;
  • Көктал көшесі, 28/2;
  • Мақат көшесі, 40;
  • Жамбыл Жабаев көшесі, 76;
  • Дулатов көшесі, 182/1;
  • Мақат көшесі, 4/1;
  • 70-проезд, №9А;
  • ЖЭО-2;
  • 101-көше, 30Б;
  • Литейная көшесі, 44;
  • Көктал көшесі, 28;
  • Герцен көшесі, 6Б.

Көмірдің бағасы қанша

Астана әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда көмірдің орташа бағасы мынадай:

  • Шұбаркөл 19 500 теңге/тонна;
  • Қаражыра 18 800 теңге/тонна;
  • Майкүбі 16 800 теңге/тонна.

Көмір туралы ақпаратты қайдан алуға болады

Тұрғындар көмірдің қоры, бағасы және сату орындарындағы қолжетімділігі туралы ақпаратты 109 бірыңғай байланыс нөмірі арқылы біле алады.

Тағы да оқыңыз: Қазақстан Ресей арқылы өзге елдерге 7,8 млн тонна көмір жөнелтті.

Сондай-ақ оқыңыз