OpenAI алғаш рет адамға ұқсас робот таныстырмақ

OpenAI басшысы Сэм Альтман компания 2027 жылы адамға ұқсас робот таныстырылымын өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Бұл туралы ол Fortune YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
«2027 жылы керемет таныстыру жасаймыз деп ойлаймын. Шын мәнінде, өте жақсы көрсетілім болады», – деді OpenAI басшысы.
Алайда Альтман жақын арада адамға ұқсас роботтар көшелерде пайда болуын күтпейтінін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай құрылғылар күнделікті өмірде кеңінен қолданылуы үшін тағы бірнеше жыл қажет.
OpenAI болашақ роботтың нақты сипаттамаларын ашқан жоқ. Сондай-ақ оның қандай міндеттерді орындай алатыны да әзірге белгісіз. Сол сұхбат барысында Альтман OpenAI-дың 2026 жылы IPO өткізуді жоспарламайтынын да айтты. Оның сөзінше, компания әзірге биржаға шығуға дайын емес және бұл мәселені кейінірек қарастырады.
Тағы да оқыңыз: Тesla тамыздың соңына дейін Cybercab роботаксилерін іске қоспақ