Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасының фавориттер қатарына енді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Шахматы Фото: Курсив
Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасының фавориттер қатарына енді / Фото: Kursiv.Media

15 қыркүйекте Самарқанда 46-шы шахмат Олимпиадасы басталды. Қазақстан атынан жарысқа ерлер және әйелдер құрамасы қатысады, деп хабарлайды Kursiv.Sport.

Биылғы Олимпиадаға рекордтық 400 құрама қатысады. Оның 208-і Open, 192-сі әйелдер турнирінде бақ сынайды. Қазақстанның әйелдер құрамасы рейтинг бойынша жарысты үшінші нөмірмен бастайды. Команда сапында Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Камалиденова, сондай-ақ жас шахматшылар Елназ Қалиахмет пен Зарина Нұрғалиева өнер көрсетеді.

Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасовтың айтуынша, әйелдер құрамасы медаль үшін күресуге қауқарлы. Ал ерлер командасы жас әрі жаңартылған құраммен сынға түседі. Оның қатарында 16 жастағы Қазақстан чемпионы Сауат Нұрғалиев, Алдияр Аңсат, Даниял Сапенов, Денис Махнев және Жандос Ағманов бар.

«Әйелдер құрамамыз рейтинг бойынша үшінші орында. Бұл команда кез келген деңгейдегі медаль үшін күресе алатынын білеміз. Бибісара, Алуа және Меруерт халықаралық аренада үлкен тәжірибе жинаған. Ал Елназ бен Зарина әлі жас болғанымен, Олимпиадада өздерін лайықты көрсететініне сенімдіміз», – деді Дәрмен Сәдуақасов.

Қазақстан әйелдер құрамасы бұған дейінгі Олимпиадада күміс медаль жеңіп алған. 2026 жылғы жарыста команда басты фавориттердің қатарында. Құраманың капитаны әрі бас жаттықтырушысы – гроссмейстер Павел Коцур.

Команда жаттықтырушысы, гроссмейстер Александр Моисеенконың айтуынша, Қазақстан құрамасының басты мақсаты – тағы да жүлдеге таласу. Негізгі қарсыластар қатарында Үндістан, Қытай, АҚШ, Украина, Польша, Грузия және жарыс қожайыны Өзбекстан бар.

Сондай-ақ оқыңыз