Лионель Месси Аргентина сапында қоштасу матчын өткізеді
Жарияланды

Футболшы Лионель Месси Аргентина ұлттық құрамасы сапында соңғы қоштасу кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Kursiv.Media шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
ESPN Argentina арнасының мәліметінше, Месси алдағы халықаралық үзіліс кезінде ұлттық құрама сапына арнайы шақырылып, Аргентина құрамасымен ресми түрде қоштасады. Бұл матч футбол аңызына құрмет көрсету және оны ұлттық құрамадан салтанатты түрде шығарып салу мақсатында ұйымдастырылмақ.
Бұған дейін, Месси Аргентина сапында марсабын аяқтайтынын мәлімдеген еді.
Сондай-ақ алдағы уақытта Месси мен Роналду бір командада өнер көрсетуі мүмкін.