LRT іске қосылғалы үш қылмыстық, 37 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
LRT іске қосылғалы 37 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды
LRT іске қосылғалы 37 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды / фото: Polisia.kz

Осы кезеңде LRT нысандарында үш қылмыс тіркеліп, олардың барлығы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Сонымен қатар 37 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ішкі істер министрлгінің мәліметінше, жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың қатарында ұсақ бұзақылық және қоғамдық орындарға алкогольдік масаң күйде келу фактілері бар.

«Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті бұзып қана қоймай, жолаушылардың қауіпсіздігіне де қауіп төндіреді. Осыған байланысты LRT нысандары қауіптілігі жоғары объектілер қатарына жататынын еске саламыз. Мұнда мас күйінде болу адамның өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндіруі мүмкін», – делінген хабарламада.

Бүгін де жеңіл рельсті көлік қызметін күн сайын орта есеппен 70 мыңға жуық жолаушы пайдаланады. Жолаушылар ағынының жоғары болуына байланысты қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді.

Жуырда ғана «Әуежай» станциясында полиция қызметкерлері алкогольдік масаң күйде болған азаматты анықтап, ұстады. Ер адам қоғамдық орында өзін әдепсіз ұстап, айналасындағылардың мазасын алған.

Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек  «Әуежай» LRT бекетінің негізгі сыртқы кіреберісі жөдеу жұмыстарына байланысты шамамен 20-25 күнге жабылады.

Сондай-ақ оқыңыз