Қытайда алғаш рет роботтарды роботтар құрастыратын зауыт ашылды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қытайда роботтарды роботтар құрастыратын зауыт ашылды
Қытайда роботтарды роботтар құрастыратын зауыт ашылды / фото: the-decoder.com

Қытай роботтарды роботтар құрастыратын алғашқы зауытты іске қосты. Ол жылына 10 мыңнан астам адамға ұқсас роботтарды шығаратын әлемдегі тұңғыш интеллектуалды зауыт болды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қытайлық Ubtech компаниясының хабарлауынша, зауыт ресми түрде 12 қыркүйекте Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономды ауданының Лючжоу қаласында жұмысын бастады.

«Бұл әлемде бірінші болып ашылған заманауи «ақылды» зауыт. Оның басты ерекшелігі – мұнда жылына ондаған мың адамға ұсас роботтарды шығаруға мүмкіндік бар», – делінген хабарламада.

Компания өкілдері атап өткендей, жоспарланған жылдық өндірістік қуат 10 мың роботтан асады, бұл интеллектуалды өндіріс жүйесінің ауқымды түрде жетілдірілгенін білдіреді.

Өндіріс толықтай автоматтандырылған. Зауытта басқа роботтарды құрастыру, жылжыту және тиеу сияқты кейбір операцияларды орындауға көмектесетін роботтар қолданылады.

Зауыттың аумағы 14 мың шаршы метрді құрайды.

Бұған дейін OpenAI 2027 жылы алғаш рет адамға ұқсас роботты таныстыратын хабарлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз