Астанада қазақы тазылардың көрмесі өтеді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

19 қыркүйекте Астанада қазақы тазыға арналған моно тұқымдық көрме мен байқау өтеді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Қазақстан кинологтары одағының мәліметінше, іс-шара халықаралық ит көрмесі аясында өтеді. Оның негізгі мақсаты қазақы тазыны шетелдік сарапшыларға, кинологтар мен селекционерлерге таныстырып, тұқымның ерекшеліктерін көпшілікке көрсету.

Көрмеде тазылар арнайы сараптамадан өтіп, тұқым стандартына сәйкестігі мен негізгі көрсеткіштері бағаланады. Сарапшылар үздік өкілдерді анықтайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара барысында қазақы тазыны сақтау және асылдандыру мәселесіне де ерекше мән беріледі.

Көрме Астана – Қарағанды тасжолының бойындағы Prestige Horse Club аумағында өтеді. Қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-де, ал ресми ашылу 10:00-де басталады.

3 қыркүйекте елімізде алғаш рет қазақ тазысы мен төбет күні атап өтіледі.

Қазақы тазыны қалай сақтау керек? Тазы асыраушылар нені ескеруі қажет? Толығырақ сілтемеден оқи аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз