Оңтүстік Корея Қазақстанға 12 млрд доллардан астам инвестиция салған

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Корея Қазақстанға 12 миллиард доллардан астам инвестиция салған
Корея Қазақстанға 12 миллиард доллардан астам инвестиция салған / Фото: Shutterstock

Сеул ресми Астананың үздік он сауда серіктесінің қатарына кіреді. Ірі инвесторлардың арасында тоғызыншы орын алады. Кореядан елге 12 миллиард доллардан астам инвестиция келді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитінде айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Былтыр Орталық Азия мен Кореяның өзара сауда-саттық көлемі алғаш рет 10 миллиард доллардан асты. Өңірдегі тауар айналымының жартысына жуығы Қазақстанға тиесілі.

Сонымен бірге Қазақстанда корей капиталының үлесі бар мыңнан аса бірлескен кәсіпорын тіркелген. Мәселен, Kia, Hyundai, Doosan, Posco, Samsung, Lotte, Hanwha секілді жетекші компаниялар Қазақстан нарығында ұзақ жылдар бойы табысты жұмыс істеп келеді.

Президенттің Оңтүстік Кореяға сапары аясында жалпы құны шамамен 19 миллиард долларға бағаланған коммерциялық келісімдерге қол қойылды.

«Бұл – экономикалық ықпалдастығымыздың қарқыны жоғары екеніне айқын дәлел», – деп атап өтті президент.

Сондай-ақ Тоқаев басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейту мақсатында Қазақстан Кореяға энергия ресурстарын жеткізуді қайта жандандыруға әзір екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Ғылым, энергетика, инфрақұрылым: Қазақстан мен Корея 12 құжатқа қол қойды

Сондай-ақ оқыңыз