Нұрсұлтан Жақсыгеннің адвокаты үкімге апелляциялық шағым түсіргелі жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
сот
Үкім күшіне енген жоқ/ Фото: Shutterstock

Екі жыл үш айға сотталған әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің адвокаты сот үкіміне апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

Айтуынша, сот істі бір жақты қарап үкім шығарған.

«Бұл парақша кімге тиесілі? Бұл парақша Нұрсұлтанға тиесілі ме? Осыны анықтау үшін бірнеше сараптама жасауды сұрадық. Сот сараптама жасатудан бас тартты. Бір жақты үкім шығарды. Үкіммен келіспейміз, апелляциялық шағым береміз», – дейді адвокат Тілеужан Кішкенебаев.

Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыген онлайн-платформаларды пайдаланып көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған еді. Ол бұрынғы әйелі Фаризаның Сабырәлиеваны әлеуметтік желіде балағаттап, түрлі өсек-аяң таратқан

Бұған дейін әзілкештің бұрынғы әйелі сот үкіміне пікір білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз