Ақтөбеде өрт салдарынан 30-дан астам үйге қауіп төнді
Жарияланды

Ақтөбе облысы Алға қаласындағы бау-бақша ұжымдарының аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сүйенсек, саяжайлардың қақ ортасында құрғақ шөп отқа оранды.
«Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында оттың әрі қарай таралуына жол берілмей, 34 жаяжай үйі аман сақталды», – деп хабарлады ведомствода.
Өртті сөндіру жұмыстарының мәліметтері:
- Жұмылдырылған күштер: Өртті жоюға ТЖМ, «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекеті, әкімдіктер, полиция және жедел жәрдем қызметтерінен 85-ке жуық адам мен 20-дан астам техника қатысты.
- Нәтиже: Өрт толығымен сөндірілді.
ТЖМ мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Айта кетейік, осыған дейін Баянауыл ұлттық паркіндегі өрт оқшауланы туралы жазған едік.