Еуропа Қазақстан мұнайына көшіп жатыр

Польшаның мұнай өңдеу компаниясы Orlen Қазақстаннан мұнай сатып алуға көшкенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.media.
Reuters агенттігінің жазуынша, Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты іркілген Сауд Арабиясынан келетін мұнай жеткізілімдерінің орнын Қазақстан және өзге де елдердің шикізатымен толтырмақ.
Бұған дейін Сауд Арабиясының Aramco компаниясы Orlen-ге жеткізілетін мұнай шикізатының шамамен 40%-ын қамтамасыз етіп келген. Reuters есептеуінше, тоқтаған жеткізілімдердің жалпы құны 1,5 млрд долларға дейін жетуі мүмкін.
Бұл компания 11 елде жұмыс істейді. Польшаның ең ірі мұнай өңдеушісі. Orlen компаниясы Қазақстан, Әзербайжан, Норвегия және тағы бірнеше мемлекеттен Польша, Литва және Чехиядағы мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу үшін мұнай сатып алған.
Нақты көлемі мен келісім сомасы әзірге айтылған жоқ. Алайда бұл Еуропа елдерінің Қазақстан мұнайына деген қызығушылығының артқанын көрсетеді.
Айта кететін жайт, Қазақстанның негізгі экспорттық мұнай қоспасы CPC Blend күрт қымбаттады. 15 қыркүйектегі дерек бойынша оның бір баррелі $123,48-ға жетті.