Қазақстанда 2 млрд долларға «жасыл» сутегі мен аммиак өндіру жобасы іске асады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қазақстанда «жасыл» сутегі мен аммиак өндіру жобасы іске асады
Елде «жасыл» сутегі мен аммиак өндіру жобасы іске асады / фото: министрлік

Шығыс Қазақстанда жылына 55 мың тоннаға дейін «жасыл» сутегі немесе 310 мың тоннаға дейін «жасыл» аммиак өндіру жобасы іске асқалы тұр. Жобаның алдын ала құны шамамен 2 млрд долларды құрайды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, министрлік, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі және YPP Corporation Шығыс Қазақстан облысында «Жасыл энергетикалық кешен» жобасы шеңберінде Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында қуаты 1 ГВт болатын жасыл энергия кешенін салу жоспарланып жатыр.

Оның шеңберінде жылына 55 мың тоннаға дейін «жасыл» сутегі немесе 310 мың тоннаға дейін «жасыл» аммиак өндіру көзделеді. Жобаны іске асырудың орындылығы айқындалған жағдайда, оның алдын ала құны шамамен 2 млрд долларды құрайды.

«Жасыл» сутегі металлургияда, химия өнеркәсібінде, энергетикада және көлікте төмен көміртекті отын және шикізат ретінде пайдаланылады.

«Жасыл» аммиак негізінен тыңайтқыштар өндіруде, химия өнеркәсібінде қолданылады, сондай-ақ халықаралық жеткізілімдер үшін төмен көміртекті энергия тасымалдаушы ретінде қарастырылады.

Бұған дейін Оңтүстік Корея мен Қазақстан ғылым, энергетика, инфрақұрылым саласын қамтитын 12 құжатқа қол қойған еді.

Сондай-ақ оқыңыз