Қазақстандық Cerebra AI стартабы АҚШ-тағы медициналық компаниямен серіктес атанды

Қазақстандық Cerebra AI стартапы АҚШ-тағы ірі медициналық топтардың бірімен бес жылдық серіктестік туралы келісім жасады деп хабарлайды Kursiv Media.
Келісім аясында Cerebra AI платформасын инсульт диагностикасынан бөлек, жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісіктің әртүрлі түрлерін анықтау үшін қолданбақшы Серіктестік бес жылға есептелген. АҚШ-тағы компания Cerebra AI платформасының мүмкіндіктерін дамытуға және оны инсульт диагностикасынан басқа бағыттарға кеңейтуге қаржы салады.
Әзірге, стартаппен серіктес болған медициналық топтың атауы мен келісімнің қаржылық шарттары жарияланбады. Оған құпиялылық туралы шарт себеп дейді компаниядан.
Сонымен қатар стартап АҚШ-та медициналық сертификаттаудан өту процесін жалғастырып жатыр. Компания мәліметінше, сертификаттаудың екі кезеңі аяқталған. Cerebra AI платформасының алғашқы функциясын мақұлдату үшін енді тағы бір клиникалық зерттеу жүргізу қажет. Барлығы сәтті жүрсе, келесі жылы стартап АҚШ-та сертификат алуға өтінім бермекші.
Бұған дейін Cerebra AI аустриялық StartUs агенттігінің бағалауымен нейроғылым саласындағы әлемнің үздік бес жасанды интеллект зертханасының бірі атанған. Сонымен қатар Стэнфорд университетінің медициналық қауымдастығы ұйымдастырған бағалау қорытындысы бойынша үздік AI-medtech жобасы деп танылды.
Cerebra AI – Қазақстаннан шыққан медициналық технология стартаптарының бірі. Оның негізгі бағыты – жасанды интеллект арқылы инсультті ерте анықтауға көмектесу.
Оқи отырыңыз: Әйгілі супермодель Наталья Водянова қазақ стартапы Higgsfield-ке қосылды