Шымкентте әйел пластикалық отадан кейін бір көзінен айырылды

Шымкентте сертификаты мен медициналық қызметке лицензиясы болса да, заңсыз пластикалық операция жасап, пациентті бір көзінен айырған ер адам 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Сот анықтағандай, ол тиісті рұқсат құжаттарынсыз әйелге блефаропластика жасаған. Ер адам медициналық қызметтерді заңсыз көрсеткені үшін кінәлі деп танылды.
Бас бостандығынан айыру жазасынан бөлек, оған 3 жыл мерзімге медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды.
«Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру, сондай-ақ 3 жыл мерзімге медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын тағайындады», – делінген хабарламада.
Абай ауданының прокуратурасы медициналық көмекке тек білікті мамандарға және лицензиясы бар клиникаларға жүгіну керектігін ескертеді. Әйтпесе, салдары денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.