Мысыққа зорлап насыбай атқызған – Маңғыстау полициясы мән-жайды анықтады

Маңғыстау полициясы мысыққа зорлап насыбай атқызған жігітке қатысты мән-жайды анықтады, деп хабарлайды Kursiv.media.
Әлеуметтік желіде жас жігіт мысықтың аузына насыбай салып жатқан видеосы тарады.
Видео жануарға жасалған қатыгездікке наразы болған қолданушылардың ашуын туғызды.
«Өзің аузыңды ашып, 1 келі насыбайды салып көр!», «Сотқа беру керек», «Жазалау керек! Қатаң жаза қолданылмайынша, мұндай жағдай жалғаса береді», «Сұмдық! Адамның жануарға деген қарым-қатынасына қарап, оның жүрегінде қаншалықты мейірім бар екенін көруге болады!» – деп жазды оқырмандар.
Lada.kz ақпаратынша, қолданушылар оқиға Маңғыстау облысында болғанын айтқан. Алайда өңірлік полиция департаменті ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаған.
Өңірлік полиция департаменті видеоны зерттей келе, ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, видеоның Маңғыстауға қатысы жоқ, ол Өзбекстанда түсірілген.
Айта кететін жайт, Таиландта мысықтың үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын.