Тоқаев Үндістан премьер-министріне жеделхат жолдады

Президент Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модидің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kursiv.media.
Ақорданың ақпаратына қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің тегеурінді әрі парасатты басшылығымен Үндістан экономикалық өсім, орнықты даму және ғылыми-техникалық әлеует тұрғысынан жаһандық көшбасшылардың бірі ретінде позициясын нығайтып келе жатқанын атап өткен.
«Мемлекет басшысы Нью-Делиде өткен БРИКС саммиті барысында көрсетілген сый-құрмет пен қонақжайлық үшін Үндістан Үкіметінің жетекшісіне ризашылығын білдірді», – делінген ақпаратта.
Сондай-ақ Нарендра Модимен екіжақты кездесу нәтижелі болғанына назар аударып, оны Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырған.
Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.
Мұның алдында Нью-Делиде өткен «аутрич» / «БРИКС плюс» форматындағы пленарлық отырыста Қазақстан президенті сөз сөйлеген еді.