Астанадағы балабақшаларға ақылды домофондар мен SOS батырмалары орнатылады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Астанадағы балабақшаларға ақылды домофондар мен SOS батырмалары орнатылады / Фото: pexels

Астанада мемлекеттік балабақшаларға балалардың қауіпсіздігін күшейту үшін мыңдаған камера мен жүздеген дабыл батырмасы орнатылады, деп хабарлайды Кursiv.Media.

«Биыл мемлекеттік балабақшаларда қауіпсіздіктің кешенді жүйесі енгізіледі. Бірінші кезеңде 1700 камера, 100 дабыл батырмасы және 100 бейне домофон орнатылып, қолданыстағы 4 мың камера жүйеге біріктіріледі», – деді елорданың цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Берік Ахметов.

Әкімдіктің мәліметінше, жаңа технологиялар төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Мұндай жүйе бұған дейін елорданың мемлекеттік мектептерінде енгізіле бастаған. 2026 жылы 100 мектепке камералар мен SOS батырмалары орнатылды. Қазір бірыңғай жүйеге 10 мыңнан астам мектеп камерасы қосылған.

2022–2025 жылдары Астанада қоғамдық кеңістіктердегі 860 нысанға 4430 камера орнатылған. 2026 жылы тағы 240 нысанға 1200 камера қою жоспарланған, оның 1142-сі қазір жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда ваучерлік қаржыландыру пилоттық режимде енгізілгелі бері балабақша кезегіндегі балалар саны жеті есеге жуық қысқарған еді.

Сондай-ақ оқыңыз