Air Astana жолаушысы Вьетнамға барамын деп 3400 долларынан айырылды

Air Astana жолаушысы Грузиядан қайтып келе жатып, жүгіне салған 3400 доллардан айырылған. Азаматша тонап кеткенін айтып, әлеуметтік желіге видеосын салған деп хабарлайды Kursiv Media.
Анна отбасымен Тбилисиден Алматы арқылы Дананга ұшып барған. Қол жүгінде 3400 доллар салынған конверт болған. «Вьетнамға көшіп барғанда қажет болар деп жинаған бар қаражатамыз сол еді» дейді ол.
Қонақүйге келгенде доллардың орнына малави квачы тұрғанын көреді. Ал ақша нақты қай жерде ауыстырылғанын ол білмейді. Оның айтуынша, қол жүгі бүкіл уақыт бойы отбасының жанында болған. Анна нақты біреуді айыптап отырған жоқ.
Әйелдің айтуынша, қазір отбасында тіпті тұрғын үй ақысын төлеуге де қаражат жетпейді.
Air Astana компаниясы жағдай үшін кешірім сұрап, полицияға жүгінуге кеңес берді. Әуе компаниясы ықтимал ұрлықты өз бетінше тергей алмайды.
Оқи отырыңыз: Анасына пышақ ала жүгірген жігіт Вьетнамнан табылып, елге қайтарылды