Трамп АҚШ Польшада әскери база салуы мүмкін екенін меңзеді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Трамп
Фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп Польшада америкалық әскери база ашуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, база нақты қай жерде орналасатыны жақын арада белгілі болуы мүмкін деп хабарлайды Kursiv Media.

Трамп Польша президенті Кароль Навроцкийге алғысын білдіріп, келіссөздердің алға жылжуына оның ықпалы бар екенін атап өтті.

«Егер бұл жүзеге асса, орналасатын орны өте жақын арада жарияланады. Бұл біздің ұлы америка-польша одағымыз үшін тарихи қадам болады», – деп жазды Трамп.

Варшава НАТО-ның шығыс шекарасында одақтас күштердің көбейгенін бірнеше жылдан бері талап етіп келеді. Әсіресе, Ресейдің 2022 жылы Украинаға басып кіруінен кейін мәселе тіпті өзекті бола түсті.

Польша премьер-министрі Дональд Туск Мәскеу тарапынан жағдайдың ушығуы ел үшін үлкен қауіп тудырып отырғанын айтты. Ол НАТО-дағы одақтастарын алдағы апталар мен айларда Ресейдің белсенділігі арта түсуіне дайын болуға және қажет болған жағдайда бірлесіп жауап беруге шақырды.

Трамптың бұл мәлімдемасы Украина-Польша шекарасына жақын аумақта бір апта ішінде Ресейдің екі рет соққы жасауынан кейін жарияланды. Осы оқиғалардан соң Польша шекара өткелдеріндегі бақылауды күшейтіп, ол жерлерге әскери қызметкерлерін жібере бастады. Польша армиясының инженерлік бөлімшелері Дорогуск, Медыка және Корчова бақылау-өткізу пунктерінің маңында бекіністер мен бақылау посттарын салып жатыр.

Оқи отырыңыз: Польша үкіметі Ресей шабуылы күшейе түседі деп қауіптеніп отыр

Сондай-ақ оқыңыз