Жапонияда АЭС реакторы істен шықты

Жапонияның Фукуи қаласындағы «Михама» атом электр станциясы үшінші реакторының құбырынан су тамшылары шығып, станция қайтадан тоқтатылады. Бұл туралы Kansai Electric Power энергетикалық компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv Media.
Компанияның мәліметінше, реактор қолмен тоқтатылады. Станция қызметкерлері бу өндіру жүйесінің құбырындағы ауа шығару клапаны маңынан су тамшыларын анықтаған.
Компания бұл тамшылардың құрамында радиоактивті заттар болмағанын атап өтті. Сондай-ақ станция аумағында және оның маңайында радиациялық фон деңгейінің өзгеруі тіркелмеген.
Осы жылдың мамыр айында «Михама» АЭС-інің үшінші реакторы турбиналарының маңында бу шыққаннан кейін тоқтатылған болатын. Осыдан кейін реактор тек 12 қыркүйекте қайта іске қосылды.
«Михама» АЭС-інің үшінші реакторы Жапониядағы барлық басқа коммерциялық реакторлар сияқты «Фукусима-1» АЭС-індегі апаттан кейін тоқтатылған еді. 2011 жылғы апаттан кейін энергоблок алғаш рет 2021 жылы қайта іске қосылды.
Тағы да оқыңыз: Қазақстан алғашқы атом электр станциясын жобалау бойынша келісімшартқа қол қойды