«Ат жоқ демесін»: Берік Сұлтан танымал «Таутұмарын» Көкпар федерациясына сыйлады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: instagram

Көшпенділер ойынындағы көкпардан ұлттық құраманың жеңілісінен кейін ел ішінде «аттың әлсіздігі» туралы түрлі пікірлер айтылған болатын. Осыған орай кәсіпкер Берік Сұлтан бос сөзді қойып, ұлттық спортқа нақты қолдау көрсету мақсатында үлкен шешім қабылдады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Таутұмар» – ұлттық құрама қоржынында

Берік Сұлтан өзінің 3 жастан асқан, әлеуметтік желіде көпшілікке танылып, рекордтарға кірген, мыңдаған жасты атқа құмар еткен танымал «Таутұмар» атты жылқысын Қазақстан Көкпар федерациясына сыйға беретінін мәлімдеді.

«Құр босқа сын айтып, дастарқан басында әңгіме айтып отырмай, «Ұлттық құрамаға не істей аламын?» деген сұрақ қойдым. Мендегі бар нәрсе – осы Таутұмар. Жүрегімнен жұлып тұрып, шын ниетіммен Көкпар федерациясына сыйлағым келеді. Ат жоқ демесін, ат бар, Құдайға шүкір», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары шешімді нағыз патриотизмнің көрінісі деп бағалап, «Таутұмардың» болашақта көкпарда талай биіктерді бағындыратынына сенім білдіруде.

Еске сала кетейік, Көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан Қырғызстанға 7-2 есебімен жеңілсе, көкбөріден 12-0 есебімен есе жіберген еді.

Сондай-ақ оқыңыз