Жедел жәрдем фельдшерін балағаттаған павлодарлық әйел сотқа тартылды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Аскар Ахметуллин, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Павлодарда әйел 103 қызметінің қызметкеріне тіл тигізіп, оның кәсіби қызметіне кедергі келтірген, деп хабарлайды Kursiv.media.

Рavlodarnews ақпаратына қарағанда, Баянауыл аудандық соты оны әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Оқиға 5 қыркүйекте Майқайың кентінде орын алған. Жедел жәрдем бригадасы ауырып қалған бойжеткенге көмекке келген. Дәрігерлер пациентке не болғанын анықтап, көмек көрсетуге тырысқан.

«Осы уақыттың ішінде әйел 103 қызметінің фельдшерін балағаттап, тіпті оның жұмысына кедергі жасамақ болған.  Мұның бәрі бейнежетонға түсірілген. Оны Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының өкілдері бір жылдан астам уақыт бойы әрбір шақыру кезінде пайдаланып жүрген. Бұл жазба сот барысында құқық бұзушылықтың негізгі дәлеліне айналды, – делінген хабарламада.

Сот өкілдері әйелді әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 80-1-бабының 2-бөлігі («Медицина және фармацевтика қызметкерлерін өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде балағаттап, құрметтемеушілік таныту») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жаза ретінде бірінші сатыдағы сот оған 30 АЕК (129 750 теңге) мөлшерінде айыппұл салды. 

Сот шешімі 17 қыркүйекте шығарылды, әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ал Алматыда жедел жәрдем фельдшеріне пышақпен шабуылдағандар ұсталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз