Иран Ормұз бұғазында танкерге шабуыл жасады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Иран Ормуз бұғазында танкерге шабуыл жасады
Иран Ормуз бұғазында танкерге шабуыл жасады / Фото: shutterstock

Иран Ормұз бұғазында Того туы астындағы танкерге шабуыл жасады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ислам революциясы сақшылар корпусы мәліметінше, «Trend» кемесі акватория арқылы заңсыз өтпек болған, содан кейін оған оқ атылған.

Иран әскерилерінің хабарлауынша, танкерге соққы тиіп, ол тоқтатылған, кейінірек кеме бортында өрт шыққан. Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормұз арқылы өз бетінше өтуге тырысқан кез келген кеменің жойылатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, Иран мен АҚШ арасында өзара түсіністік меморандумына қол қойылғаннан кейін бұғаз арқылы өту ашылған болатын.

Дегенмен шілде айының басында әскери іс-қимылдардың шиеленісуі аясында бұл су жолы арқылы қозғалысты Тегеран қайтадан бұғаттады.

Оқи отырыңыз: ЕуроОдаққа Ормұз бұғазындағы жағдай қанша шығын келтіргені мәлім болды

Сондай-ақ оқыңыз