15 адам қаза тапты: Пәкістанда жұма намазы кезінде жанкешті жарылыс жасады

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: Geo News

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында жұма намазы кезінде мешіт маңында болған жарылыстан кемінде 15 адам қаза тауып, 50 адам жараланды, деп хабарлайды Kursiv Media. 

GEO TV мәліметінше, жарылғыш зат тиелген көлік «Полис-лайнс» кешенінің қақпасына соғылған. Көлікті жанкешті басқарған. Жарылыс салдарынан мешіттің қабырғаларының бірі құлаған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Жараланғандар арасында полиция қызметкерлері де бар, олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Бірнеше адамның жағдайы ауыр.

Жарылыстан кейін мешіт маңында полиция мен террористер арасында атыс басталған. Кейін полицияның арнайы басқармасы ғимаратының жанында екінші жарылыс болған. 

Тағы да оқыңыз: 11 қыркүйек терактісіне 25 жыл: әлемдегі қандай биік ғимараттарға шабуыл жасалды

Сондай-ақ оқыңыз