Криштиану Роналду Португалия құрамасына шақырылды

Португалия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының алдағы матчтарына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Кеңейтілген құрамға Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының шабуылшысы, Португалия құрамасының тарихындағы үздік сұрмерген Криштиану Роналду да енді, деп хабарлайды Kursiv.Sport.
Португалия құрамасы 2026/27 жылғы Ұлттар лигасындағы алғашқы матчын 24 қыркүйекте Лиссабонда Уэльске қарсы өткізеді.
Одан кейін португалиялықтар 27 қыркүйекте Ослода Норвегиямен, 1 қазанда Копенгагенде Даниямен кездеседі. Ал 4 қазанда Норвегия құрамасын өз алаңында қабылдайды.
Роналду мансабын аяқтай ма?
Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін бұл турнирдің өзі үшін әлемдік деңгейдегі соңғы дода болғанын айтқан. Осыдан кейін футболшының ұлттық құрамадағы мансабын аяқтауы мүмкін деген болжам жасалған еді.
Алайда Роналду халықаралық футболдан толықтай кеткен жоқ. Оның ұлттық құрамадағы мәнсабын қашан аяқтайтыны әзірге белгісіз.
Роналду Португалия құрамасының сапында 146 гол соғып, 233 матч өткізіп, екі көрсеткіш бойынша да ұлттық рекордты иеленіп отыр. Сонымен қатар ол Португалиямен бірге Ұлттар лигасын екі рет – 2019 және 2025 жылдары жеңіп алған.