Almaty Vibes кешінде қала тарихы 3D форматта көрсетілді – фото

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматының тарихы ерекше форматта көрсетілді. Қала күніне арналған кеште ҚБТУ ғимаратының қасбеті алып экранға айналып, онда қаланың тарихы мен танымал орындары 3D форматта бейнеленді.

Almaty Vibes фестивалі өтті

Фото: Алматы әкімдігі

«Астана» алаңында өткен Almaty Vibes музыкалық фестиваліне бірнеше мың көрермен жиналды. Кеш барысында Мақпал Жүнісова, Мирас Жүгінісов, KALIFARNIYA, ALPHA, Айдана Меденова, Жандос Қаржаубай, Төреғали Төреәлі, «Алаш ұлы» тобы және басқа да қазақстандық артистер өнер көрсетті.

Алматының тарихы 3D форматта көрсетілді

Фото: Алматы әкімдігі

Кештің басты көріністерінің бірі мультимедиялық 3D Mapping Show болды. Жарық пен визуалды эффектілер арқылы ҚБТУ ғимаратының қасбетінде Алматының даму тарихы, сәулет нысандары мен қаланың танымал орындары көрсетілді.

Осылайша, көрермендер Алматының таныс көріністерін ерекше цифрлық форматта тамашалады.

Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар Алматының түрлі алаңдарында жалғасып жатыр.

Фото: Алматы әкімдігі

Бағдарламада концерттер, фестивальдер, қойылымдар және басқа да мәдени шаралар бар.

Фото: Алматы әкімдігі

Айта кетейік, алматылықтар биыл қала күнін екі күн қатарынан тойлайды. 19-20 қыркүйекте қаланың әр жерінде түрлі іс-шара, концерт өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз