Азиада-2026: велошабандоз Алексей Луценко ел қоржынына екінші алтынды салды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Алексей Луценко / Фото: Владислав Семенов / ҚР ҰОК

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Азиада-2026-да топ жарып, ел қоржынына тағы бір алтын салды. Ол ерлер арасындағы жекелей жарыста уақыт көрсеткіші бойынша үздік атанды.

Луценко қашықтықты 41 минут 24,05 секундта бағындырды. Екінші орынды жапониялық Сюнсукэ Имамура иеленді. Оның нәтижесі – 42 минут 58,04 секунд. Ол Луценкодан 1 минут 33,99 секундқа қалып қойды.

Қола медальді моңғолиялық Жамбалжамц Сайнбаяр жеңіп алды. Ол жарысты 42 минут 58,06 секундта аяқтап, жеңімпаздан 1 минут 34,01 секундқа артта қалды.

Луценконың Азиададағы бесінші алтыны

Бұл – Алексей Луценконың Азия ойындарындағы бесінші алтын медалі.

Ол бұған дейін 2014 жылы жекелей уақытқа жарыста чемпион атанса, 2018 жылы жекелей және топтық жарыстардан екі алтын жеңіп алған. Ал 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында тағы да жекелей жарыста топ жарған.

Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті

Осылайша, Луценко Қазақстан қоржынына Азиада-2026-дағы екінші алтынды салды.

Бұған дейін бүгін қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова әйелдер арасындағы жекелей уақытқа жарыста алтын медаль жеңіп алған.

Ал Қазақстан құрамасына алғашқы медальді триатлоншы Арлан Жаңабай әкелді. Ол ерлер арасындағы триатлон жарысында қола жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ оқыңыз