Тоқаев Путинді Мемлекеттік Дума сайлауын өткізуімен құттықтады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Тоқаев пен Путин Астанада / фото: Ақорда

Тоқаев Ресей президенті Путинге жеделхат жолдап, тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады деп жазады Kursiv Media.

«Сайланған Мемлекеттік Дума депутаттары азаматтардың әл-ауқатын көтеру және Ресейдің әлемдік держава ретіндегі әлеуетін нығайту мақсатында тиімді шаралар мен шешімдер қабылдайтынына күмән жоқ», – деп жазылған құттықтауда.

Тоқаев Ресейдегі аталған сайлауды елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға ретінде бағалады. Оның айтуынша, дауыс беру қорытындысы Ресей халқының елдің ұзақмерзімді мүддесін қорғауға бағытталған Владимир Путиннің стратегиялық саясатын қолдайтынын көрсетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттары мен Ресей парламенті өкілдері екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту бағытында бірлескен жұмысты жалғастыратынына сенім білдірді. Сондай-ақ Президент Владимир Путинге Ресей Федерациясының дамуы мен өркендеуі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Путин Бішкекте оңаша кездесу өткізді 

Сондай-ақ оқыңыз