Инвесторды заңсыз жазаламақ болған департамент қызметкері айыппұл арқалады

Жарияланды
Фото: kursiv.media архиві

Абай облысының экология департаменті «KAZ MINERALS AKTOGAY» ЖШС-ін әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартпақ болған, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Экология департаменті инвесторға қатысты мемлекеттік бақылау аясында заңда көзделген тексеру жүргізбестен және белгіленген рәсімді сақтамай, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған.

Облыстық табиғатты қорғау прокуратурасының наразылығы бойынша сот «KAZ MINERALS AKTOGAY» ЖШС-ін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулының күшін жойды.

Сонымен қатар, сот анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің атына жеке қаулы шығарды.

Бұдан бөлек, экология департаменті басшысының орынбасары 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Тағы да оқыңыз: Қытай инвесторы Абай облысында кірпіш зауытын салады

Сондай-ақ оқыңыз