Ресейге теміржол арқылы әскери техника тасымалданады – Қорғаныс министрлігі

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: Қорғаныс министрлігі

21 қыркүйек – 5 қазан аралығында Ресейге теміржол арқылы әскери техника тасымалданады, деп хабарлайды Kursiv.media.

Қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, 24 қыркүйек – 3 қазан аралығында Ресей Федерациясының аумағында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) «Өзара іс-қимыл – 2026», «Іздеу-2026» және «Эшелон-2026» оқу-жаттығуларын өткізуі жоспарланған.

«Оқу-жаттығуларға дайындық және оны өткізу кезеңінде, 21 қыркүйек – 5 қазан аралығында Қазақстан Республикасы аумағынан Мисящ стансасына дейін (Челябі облысы, Ресей) және кері қарай теміржол көлігімен әскери техника мен жеке құрамның жоспарлы қозғалысы жүзеге асырылады», – делінген хабарламада.

Оқу-жаттығулар барысында далалық сабақтар өткізіліп, оның аясында шеру дайындығы, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау пысықталады. Іс-шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлық бойынша бекітілген жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

«Азаматтардан, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен және әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тексерілмеген ақпаратты таратпауды және ресми дереккөздерде жарияланған мәліметтерге ғана назарға алуды сұраймыз», – делінген Қорғаныс министрлігінің ақпаратында.

Айта кететін жайт, Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадықовты қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыз