Трамп Зеленскийден ресейлік мұнай зауыттарына соққы беруді тоқтатуды сұрады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Фото: x.com/FGroup_CZE

АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Украина тарапынан Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасалатын соққыларды тоқтатуды талап етті. Себебі соққылар әлемде дизель отыны бағасының өсуіне түрткі болып отыр, деп хабарлады америкалық Axios порталы.

Сұхбаттан кейін Украина басшысы АҚШ президентімен Нью-Йоркте кездесуге келіскенін мәлімдеді. Зеленский бұл әңгімені «маңызды» деп атап, алдағы кездесу «көп нәрсені өзгертуге қауқарлы» екенін жеткізді. Кездесу осы аптада Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өтуі мүмкін.

Axios басылымының дереккөздеріне сүйенсек, телефон арқылы сөйлесу кезінде Трамп «Зеленскийден ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына соққы беруді тоқтатуды бірнеше рет сұраған». АҚШ президенті бұл шабуылдардың әлемдегі дизель отыны бағасының өсуіне әкеп соғатынын меңзеген.

Өткен аптада Трамп Украинаның ресейлік энергетикалық нысандарға шабуыл жасамауға келіскенін, ал Ресей тарапы да сондай қадам жасағанын мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Америкалық автомобиль қауымдастығының мәліметі бойынша, 20 қыркүйекте АҚШ-тағы дизель отынының орташа құны кезекті рекорд орнатып, галлонына (3,79 литр) шамамен 6,51 долларға жетті. Бір апта бұрын орташа баға галлонына 6,20 доллар төңірегінде болған еді.

Сондай-ақ оқыңыз