Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы ауысты

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы ауысты, деп хабарлайды kursiv.media.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Бұған дейін осы лауазымда болған Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Президенттің өкімімен лауазымынан босатылды.

Жақында Президент жарлығымен Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің басшылары қайта тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз