Қарағанды облысында бір күнде мыңнан астам есірткі жарнамасы өшірілді

Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларында бір күнде есірткі жарнамасы бар мыңнан астам жазу өшірілді. Рейдке 200-ден астам полиция қызметкері, волонтерлер мен қоғам белсенділері қатысты, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Олар ғимараттар, инфрақұрылым нысандары мен қоғамдық орындардың қабырғаларындағы есірткі сататын интернет-дүкендердің мекенжайлары және басқа да тыйым салынған заттардың жарнамаларын бояп тастады.
2026 жылдың басынан бері облыста осындай 92 рейд өткізіліп, 7 мыңнан астам наркограффити жойылған. Үш адам жазу жазып жатқан жерінде ұсталды.
Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қайыржан Тоқыбаевтың айтуынша, полиция заңсыз жарнаманы өшірумен қатар, оны орналастырған адамдарды да анықтайды.
Есірткі жарнамасын қабырғаға жазғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Полиция тұрғындарды мұндай жазуларды байқаса, құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды.
Айта кетейік, осыған дейін қоғамдық ғимараттарға жазу жазып, суреттер салуға заңмен тыйым салынуы мүмкін екенін жазған едік. ІІМ бұл есірткі жарнамасымен күресу жолын екендігін айтқан.