Абай облысындағы «Тарбағатай» ұлттық паркінде өрт шықты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Абай облысындағы «Тарбағатай» ұлттық паркінде өрт шықты / Фото: ТЖМ

Абай облысының Аягөз ауданында болған табиғи өрт «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына тарады. Өртті сөндіруге тікұшақтар тартылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Төтенше жағдайлар министрлігі ақпаратына сүйенсек, өрт Тарбағатай ауылдық округіндегі Қазанқемір учаскесінде құрғақ шөп пен бұталардың жануынан басталған. Аталған аумақ таулы әрі жетуі қиын жерде орналасқан.

Қазір өртті сөндіруге 226 адам мен 43 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар «Қазавиақұтқару» және ҰҚК-нің екі тікұшағы тартылып, әуеден 12 рет су төгілді.

Өртті сөндіру жұмыстарына таулы жердің күрделі бедері, тік беткейлер, өрт ошақтарына апаратын жолдың болмауы және қатты жел кедергі келтіріп жатыр.

ТЖМ мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай бақылауда.

Айта кетейік, осыған дейін БҚО-да дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза болған еді.

Сондай-ақ оқыңыз