АҚШ Иран журналистеріне БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуға виза бермеді

Жарияланды
фото: shutterstock

АҚШ билігі Иран президенті Масуд Пезешкианның баспасөз пулындағы журналистерге Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясын ақпараттық сүйемелдеуге бару үшін виза бермеген, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Бұл жайлы Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Багаи мәлімдеді.

Оның айтуынша, Вашингтон мұндай әрекеті арқылы шындықты жасырып, сөз бостандығы мен ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектеп отыр.

Багаи АҚШ билігін шетелдік журналистердің жұмысына кедергі келтірді деп айыптады.

Иран СІМ өкілі әлеуметтік желідегі жазбасында АҚШ-тың өзіне ұнамайтын журналистерге, соның ішінде Иран президентінің медиа тобына елге кіруге жол бермей отырғанын атап өтті.

Багаи сондай-ақ өзін «темір пердені» құлатқан ел ретінде көрсететін АҚШ-тың қазір өзі сол «перденің» әр жағында тұрғанын айтты.

Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Иран президенті Масуд Пезешкиан мен сыртқы істер министрі Аббас Арагчиге БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йоркте өтетін жоғары деңгейдегі апталығына қатысу үшін виза бергенін жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз