
Қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.Media Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Қола жүлде үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы Филиппин өкілі Алуин Батиканмен кездесті. Әжіқанов қарсыласынан басым түсіп, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынына каратэден тағы бір қола жүлде түсті.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық каратэші Бэлла Самашева да Азия ойындарының қола жүлдегері атанған еді.