Бәпи, Гажиев, Жаңбыршин – Қазақстан Халық Кеңесінің құрамында кім бар?

Бүгін президент Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітетін Жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Kursiv Media.
Тізімге 126 адам енген. Олардың қатарында экс-депутат Ермұрат Бәпи, Еділ Жаңбыршин және кәсіпкер, «Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитеті» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Гаджи Гаджиев те бар.
Халық Кеңесінің толық құрамы:
1. Аймұрзаева Раушан Нұрғалиқызы – Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты
2. Акижанова Гаухар Берікқызы – Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қарағанды облысының халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілі
3. Ақтаев Жандос Берікұлы – «Esti Bol Qory» қоғамдық қорының төрағасы
4. Алтай Алмас – «Eco-social» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, журналист
5. Алтынбеков Бекзат Қомарұлы – Қарағанды облысы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы
6. Антоненко Андрей Иванович – дипломатиялық қызмет ардагері
7. Арсютин Николай Геннадьевич – «Орыс, славян және казак этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, қоғам қайраткері
8. Асанов Латипша Каймаханович – «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы
9. Атайбеков Бақыт Ынтықбайұлы – «Герефорд тұқымының республикалық палатасы» коммерциялық емес ұйымы кеңесінің төрағасы
10. Әбдібеков Нұрбек Елікбайұлы – Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі
11. Әбенов Мұрат Абдуламитұлы – «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері
12. Әбіл Еркін Аманжолұлы – «Мемлекет тарихы институты» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының бірінші орынбасары
13. Әзілханов Марат Алмасұлы – «Шаңырақ» кафедралар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, қоғам қайраткері
14. Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы – «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары
15. Әмірғалиева Айгүл Маулышарифқызы – Атырау облысы мәслихатының депутаты
16. Байрамуков Ислам Ильясович – «Жамбыл облысы қарашайлар мен балқарлар этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, еңбек сіңірген спорт шебері, ХХVІІ жазғы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері
17. Бапи Ермұрат Сейтқазыұлы – қоғам қайраткері
18. Бимұратқызы Жанар – Қызылорда облысы Білім басқармасының «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясы» қосымша білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы
19. Болатбек Уәлихан Болатбекұлы – Тараз қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары;
20. Борчашвили Исидор Шамилович – «Астана халықаралық университеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жоғары құқық мектебінің профессоры
21. Буларов Лугмар Харкиевич – «Қазақстандағы дүнгендердің этномәдени бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі байқау кеңесінің төрағасы
22. Гаджибалаев Рафаил Сададдин оглы – «Қостанай облысындағы әзербайжандардың «Бірлік» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
23. Гаджиев Гаджи Шапиевич – «Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитеті» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті
24. Газдиева Белла Асланбековна – «Вайнах» шешендер мен ингуштар қауымдастығы» республикалық этномәдени бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры
25. Гайдай Андрей Николаевич – «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының кафедра доценті
26. Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы – «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы» кәсіподақтардың республикалық бірлестігінің төрағасы
27. Дәуталиев Қазыбек Нұрсейітұлы – Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы облысы бойынша филиалының директоры
28. Дементьева Наталья Григорьевна – «Аналар мектебі» қоғамдық қорының мүшесі, қоғам қайраткері
29. Джанаев Увайс Хаважиевич – «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
30. Ертаев Сырым Махамбетұлы – Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі
31. Жақыпов Нұржан Бауыржанұлы – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Almaty Azаmattyq Alliance» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
32. Жанықұлов Жұмабек Есілбекұлы – «PARYZ» Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілердің (кәсіпкерлердің) ұлттық конфедерациясы» заңды тұлғалар бірлестігі төралқасының төрағасы
33. Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы – «Саламатты Ел» қоғамдық қорының мүшесі, қоғам қайраткері
34. Жаңбыршина Қырмызы Сапарқызы – Қостанай облысы мәслихатының депутаты, Қостанай облысы бойынша «Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үйлестіру кеңесінің мүшесі
35. Жүнісова Фарида Амансарықызы – Жамбыл облысы мәслихатының депутаты, Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы
36. Жұмашев Мейрамбек Тоғысұлы – Қызылорда облысы мәслихатының депутаты
37. Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы – «Қазақстанның Медиа Альянсы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, қоғам қайраткері
38. Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы – Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы
39. Зейнұлқабден Табиғат – Астана қаласы мәслихатының төрағасы
40. Зенченко Геннадий Геннадьевич – Қазақстанның Еңбек Ері, «Зенченко және Компания» коммандиттік серiктестiгiнің бас директоры
41. Иманқұлов Әбдез Рахманұлы – Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі
42. Исбекова Әйгерім Әуезқызы – Қарағанды қаласы Білім бөлімінің «Кәусар» оқушылар сарайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
43. Исмаилов Акбаржон Яхияхожаевич – «Тәжіктердің республикалық этномәдени бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы
44. Исматуллаев Абдулла Жапарович – «Дустлик» өзбектердің этномәдени қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
45. Кан Алина Александровна – «Қазақстандағы немістердің республикалық этномәдени бірлестігі» қоғамдық қорының мүшесі, «Ер Азамат» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Alash» тіл үйрету клубының негізін қалаушы
46. Канкуров Станислав Владимирович – «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалының жетекшісі
47. Кенжеханұлы Рауан – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті
48. Кереев Қайрат Нұрғабылұлы – Жетісу облысы мәслихатының депутаты
49. Ким Вера Александровна – «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
50. Көбеева Алтынай Орманқалиқызы – «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының Алматы қаласындағы басшысы
51. Көпжасарұлы Ерқанат – «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының мүшесі, журналист
52. Куприенко Александр Григорьевич – Қарағанды облысы мәслихатының депутаты
53. Күнәділов Төлеген Нығыметжанұлы – Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Астана қаласының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы
54. Қайдарова Диляра Радикқызы – «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бірінші проректоры
55. Қалтаева Ләззат Молдабекқызы – «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Біріккен Ұлттар Ұйымы Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі
56. Қарт Мерей Мейіртайұлы – Абай облысы мәслихатының депутаты, «Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
57. Қопабаев Әділхан Амангелдіұлы – «Digital Nomads» IT-қоғамдастығының мүшесі, Apple Inc. мемлекеттік органдармен байланыс және Орталық Азия мен Арменияға арналған саясат бөлімінің басшысы
58. Қоспаева Шолпан Насиболлақызы – Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі
59. Қосшиев Назарбек Төлеуішұлы – Атырау облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Атырау» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы
60. Құрманалин Сағынғазы Даниярұлы – Ақтөбе облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы
61. Құсметова Әсел Нұрланқызы – Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Ұлан ауданы филиалының директоры
62. Қыдырманов Әсет Серікқалиұлы – Жетісу облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Алматы облысы кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы
63. Қисықова Сәуле Дүйсебекқызы – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесі директорының кеңесшісі, медицина ғылымдарының докторы
64. Лаврентьев Андрей Сергеевич – «Қазақстан машина жасаушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма мүшесі
65. Лактюшин Дмитрий Николаевич – «Орыс, славян және казак этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары
66. Локшин Вячеслав Нотанович – «Мицва» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының академигі
67. Лукин Андрей Иванович – қоғам қайраткері
68. Мақышев Тұрсынбек Шамбұлұлы – Сәтпаев қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері
69. Малькова-Солопова Алёна Юрьевна – Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Құрылыс-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының оқытушысы
70. Маткенов Мұрат Қадерұлы – Ұлытау облысы мәслихатының депутаты, Қарсақпай металлургия зауытының директоры
71. Мәлікова Сәуле Зейноллақызы – Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Солтүстік Қазақстан Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
72. Мельниченко Юрий Васильевич – «Қазақстан күрес федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, еңбек сіңірген спорт шебері, ХХVІ жазғы олимпиада ойындарының чемпионы
73. Микаелян Наринэ Гамлетовна – «Наири» армян этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
74. Мусин Бағдат Батырбекұлы – Спорттық бағдарламалар жасау федерациясының президенті, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
75. Мусин Манат Айтбайұлы – Ақмола облысы мәслихатының депутаты
76. Мұқаев Мұрат Рахметұлы – Батыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы
77. Мұқанова Роза Қажығалымқызы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, драматург
78. Мухамеджанов Евгений Викторович – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «ECO Network» жобасының негізін қалаушы
79. Мұсабеков Арман Төлегенұлы – Павлодар облысы мәслихатының депутаты, «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры
80. Мұхтарова Найла Алтайқызы – «Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры
81. Мусапиров Жанұзақ Керімбекұлы – «Қазақстан Республикасының Көркем сурет академиясы» қоғамдық қорының вице-президенті
82. Мүтәліп Шахмұрат – «Қазақстан бокс федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті
83. Мырзағараев Мәди Жомартұлы – Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы
84. Надыров Камалжан Талғатұлы – «Қазақстандағы ұйғырлардың республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Орталық Азия биотехнологиялар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі
85. Нысанбаев Ерлан Нұралыұлы – мемлекет қайраткері
86. Огузхан Абдулкарим – «Алматы қаласындағы түрікмен этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
87. Омаров Бауыржан Жұмаханұлы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының академигі, Қазақстан Респубикасы Президентінің кеңесшісі
88. Орынбасаров Нұрсұлтан Жұмабайұлы – Алматы облысы мәслихатының депутаты, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Sagadat Batyr» спорт клубының директоры
89. Орынбеков Думан Рымғалиұлы – Абай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры
90. Осин Кирилл Владимирович – «ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің директоры
91. Останькович Дмитрий Валерьевич – «Родны кут» беларусь этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
92. Оторбаев Ардақ Рахметоллаұлы – Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Jasa-Life» орталығы» мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестігінің төрағасы
93. Отыншиев Мейіржан Батырбекұлы – Алматы қаласы мәслихатының төрағасы
94. Павленко Дмитрий Иванович – «Қостанай автомобиль көлігі жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры
95. Поломарчук Борис Викторович – Павлодар облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының оқытушысы
96. Правдина Вера Николаевна – «Шығыс Қазақстан орыс мәдени орталығы» жергілікті этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы
97. Рақышева Ботагөз Исламқызы – «Қоғамдық пікір» зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің доценті
98. Рахметулина Бағдат Сағынғанқызы – Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қауымдастырылған профессоры
99. Рыпаков Денис Сергеевич – Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы
100. Сабильянов Нұртай Салихұлы – қоғам қайраткері
101. Сәдуақасова Айгүл Кәкімбекқызы – «Философия, саясаттану және дінтану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры
102. Сәлімов Алмас Алтайұлы – Түркістан облысы мәслихатының депутаты
103. Серікжанова Әйгерім Телжанқызы – «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қорының креативті технологиялар және жасанды интеллект зертханасының басшысы
104. Соловьёва Ирина Анатольевна – «Семей қаласындағы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры
105. Спирина Ольга Сергеевна – «Қазақша Speaking Club» қоғамдық жобасының авторы, тележүргізуші
106. Стадникова Лилия Викторовна – Павлодар облысы Білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы
107. Сураган Дурвудхан – «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының академигі
108. Сүйінтаева Гүлқасима Рамазанқызы – Ақтөбе облысы мәслихатының төрағасы
109. Сүлеймен Олжас Серікбайұлы – «Qazaqstan Team» республикалық қоғамдық жастар бірлестігінің жетекшісі
110. Тахтай Василий Сергеевич – «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі
111. Ташыбеков Манас Нурмаматович – «Қазақстандағы қырғыздардың этномәдени бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары
112. Тварионас Виталий Ионо – «Lituanica» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
113. Тимощенко Юрий Евгениевич – «Украиндар радасы» этномәдени бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
114. Төреханов Роман Алмаханұлы – «Қазақстан бокс федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің құрметті президенті
115. Тұрдалиева Ақнұр Нұрталапқызы – «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы
116. Усанова Руфина Касымовна – «Татар мәдениетінің «Туган тел» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары
117. Ұлжекова Нұргүл Төленқызы – «Қазақстан бочча федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы
118. Хмелевский Виталий Альбертович – «Қазақстандағы поляктар одағы» этномәдени бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
119. Цхай Александра Сергеевна – «Қазақстандағы корейлер қауымдастығы» этномәдени бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары
120. Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы – Қызылорда облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры
121. Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы – республикалық Аналар кеңесінің төрағасы
122. Шиповских Геннадий Геннадиевич – «Жастар үні» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі
123. Шыңғысбаева Ләззат Алтынбекқызы – «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы
124. Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы – «Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
125. Эктова Ирина Андреевна – Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты
126. Юсупова Әлия Мақсұтқызы – Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «Қазақстан ұлттық гимнастика федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті
2027 жылғы бюджетте Қазақстан Халық кеңесін құруға 1,7 млрд теңге қарастырылған. Ол қаражаттың қайда жұмсалатынын мына жерден оқи аласыздар.