Маңғыстауға келген канадалық блогердің кіші дәрет сындырғанын 40 мың адам тамашалады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: әлеуметтік желіден

Шетелдік блогер Маңғыстау даласында кіші дәрет сындырып, оны видеоға түсірген, деп хабарлайды Kursiv.media.

Әлем бойынша саяхат туралы контент түсіретін канадалық видеограф Olessia Pliousnina ерекше кадрлар жариялады. Видеода қыз табиғат аясында дәрет сындырып, бұл жерді «10-нан 100» деп бағалаған.

Ол жарияланымға «100/10 pee spot» деген жазу қалдырған. Сол кезде оның парақшасына шамамен 38,3 мың адам жазылған еді.

Бұл жайт, қызылкеңірдек пікірталас тудырды. Бірі әдепсіз контентке ашуланса, екіншілері «айнала жабайы табиғат, өркениеттен алыс» деп туристі қорғаштады.

Қыз саяхат тақырыбындағы контентпен кәсіби түрде айналысады. Ол Beautiful Destinations Academy бағдарламасына қатысып, саяхат туралы деректі жобалармен жұмыс істейді.

Видео кеңінен таралғаннан кейін блогердің Instagram аккаунты қолжетімсіз болып қалды.

Айта кететін жайт, Маңғыстау әкімі сахнада әдепсіздік танытқан айтыскер туралы ойын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз