Алматыда ит-мысықтар қызыл кілеммен жүріп, костюмдер байқауына қатысты (фото)

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: Alpha Dog кинологиялық агенттігі

Алматыда FORUM сауда орталығының автотұрағында алтыншы Pet Fest үй жануарлары фестивалі өтті, деп хабарлайды Kursiv.media.

Оған  5 мыңнан астам қонақ келген. Келушілердің көбі иттерімен келсе де, шараға мысықтар, күзендер, теңіз шошқалары мен тотықұстар да қатысты.

фото: Alpha Dog кинологиялық агенттігі

100-ден астам иесі мен үй жануары қатысқан ерекше костюмдер байқауы және қызыл кілем шеруі болды.

фото: Alpha Dog кинологиялық агенттігі

Қонақтар аджилити және фрисби бойынша шеберлік сабақтарына қатысып, ветеринар дәрісін тыңдады. Ал Acoustic Jam Band жанды музыкамен мерекелік көңіл күй сыйлады.

фото: Alpha Dog кинологиялық агенттігі

Фестиваль аясында тұрғындар қараусыз қалған төрт аяқтыларға көмек көрсетіп, қажетті заттарды тапсырды.

фото: Alpha Dog кинологиялық агенттігі

Ұйымдастырушылар Alpha Dog кинологиялық агенттігінің айтуынша, биыл 22 серіктес пен қатысушы басын қосқан бұл шара жануарларды сүйетін қала тұрғындарының басын біріктіретін маңызды әлеуметтік алаңға айналған.

фото: Alpha Dog кинологиялық агенттігі

Айта кететін жайт, Алматыда ит пен мысыққа арналған қонақүй, такси қызметі қалай жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыз