Ресейде трансвеститтер, педофилдер мен садомазохисттер жындыханада емделетін болды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

Фетишистер мен BDSM әуесқойларын Ресейдің психоневрологиялық ауруханаларында емдей бастайды, деп хабарлайды Kursiv.media.

Mash ақпаратына қарағанда, Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет жыныстық қалаудың бұзылуы бойынша клиникалық ұсынымдарды бекітті.

«Тізімге фетишизм, фетишистік трансвестизм, эксгибиционизм, вуайеризм, педофилия, садомазохизм кірді. Дегенмен, мұның бәріне бірдей шара қолданылмайды. Өмір сүруге кедергі келтіретіндер ғана емделеді», – делінген ақпаратта.

Емдеу кезең-кезеңімен жүргізілмек. Алдымен психотерапевтпен әңгімелесу, содан кейін антидепрессанттар, одан кейін тестостеронға қарсы таблеткалар беріледі.

Ең ауыр жағдайларда жай ғана тоқтатылады. Тестостерон көбінесе жыныстық құмарлықтың күшіне жауап береді. Егер оны төмендетсе, қиялдау сирек пайда болатын болады.

Айта кететін жайт, Павлодарда психикалық науқас болып көрінбек болған педофил өмір бойына сотталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз