Көкшетаудағы аурухана құрылысына қанша қаражат тартылды

Жарияланды
теңге қор аурухана
Фото: shutterstock

Құрылтай депутаты Қайрат Айтуғанов Көкшетау қаласында жүзеге асырылып жатқан ірі аурухана  әлеуметтік жобасы туралы айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Оның айтуынша, жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылып жатыр. Жобаны жүзеге асыру үшін Көкшетау қаласында еншілес компания құрылып, жеке серіктес ретінде жұмыс жүргізуде.

«Біздің бұл жоба бойынша жұмысымыз өткен жылдың 30 мамырында басталды. Біз Көкшетау қаласының инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар жобаны қарастырдық. Соның ішінде бұл – ең ірі әрі ауқымды жобалардың бірі. Ең бастысы, жоба әлеуметтік бағытқа ие», – деді депутат Құрылтайдағы брифингте.

Жобаны жүзеге асыру үшін 17 гектар жер телімі бөлінген. Бұл аумақта әлеуметтік және қажетті инженерлік инфрақұрылым салу жоспарланған.

Депутаттың айтуынша, жоба Көкшетаудың жаңа аудандарының дамуына да мүмкіндік береді. Қала аумағы кеңейіп, жаңа тұрғын аудандар қалыптасқан сайын әлеуметтік нысандарға деген қажеттілік артып келеді.

«Бұл жобаның маңызы ерекше. Қазір жаңа аудан қалыптасып жатыр. Сондықтан оның инфрақұрылымын қатар дамыту қажет. Халыққа қажетті әлеуметтік нысандар, ең алдымен, білім беру мекемелері қолжетімді болуы керек», – деді Қайрат Айтуғанов.

Жобаға қаржы институттары да тартылған. Жалпы инвестиция көлемі 27 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоба аясында 2,5 мың қазақстандық жұмыс істеп жатыр.

Депутат мемлекеттік және жеке сектордың бірлескен жұмысы Көкшетаудағы әлеуметтік және қалалық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ал Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин атағандай, аурухана шамамен 625 орынға арналған.Қазіргі уақытта банкке 400 млн АҚШ доллары қайтарылған.

Тағы да оқыңыз: Қазақстанның сыртқы қарызы қанша болды – Жұманғарин жауап берді

Сондай-ақ оқыңыз