Әсем Орынбай Азия ойындарында екінші медалін жеңіп алды

Жарияланды 23 Қыркүйек 2026 16:16

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Әсем Орынбай / фото: Сали Сабиров / Olympic.kz

Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан құрамасының өкілі Әсем Орынбай қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Kursiv.Media Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Скит бәсекесінде әйелдер арасында өткен жекелей сында қазақстандық мерген финалда 28 нысананы дәл көздеп, үздік үштікті түйіндеді.

Финалдық кезеңнің нәтижелері

Бұл сында алтын медальді 35 нысананы дәл көздеген Қытай өкілі Цзян Итин жеңіп алса, Таиланд спортшысы Исарапа Импрасертсук 31 ұпаймен күміс жүлдені еншіледі.

Сондай-ақ финалда бақ сынаған тағы бір қазақстандық спортшы Зоя Пискун 18 нысананы дәл көздеп, жарысты алтыншы орынмен аяқтады.

Бұл – Әсем Орынбайдың Аичи мен Нагоядағы Азия ойындарында еншілеген екінші медалі. Бұған дейін ол Зоя Пискун және Адель Садақбаевамен бірге командалық сайыста күміс жүлдегер атанған еді.

Сондай-ақ оқыңыз